«Таза сессия» акциясы өтті
2022 ж. 12 шілде

Түркістан облысына қарасты Шардара колледжінде «Таза сессия» акциясы өтті. «Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және колледжде білім алушыларының, қызметкерлерінің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Акция аясында колледжде білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылды. Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді: ұсыныстар мен ескертулер үшін электронды «Сенім жәшігі» бар, оған студент өз сұрақтары мен пікірлерін жібере алады, стендтерде тиісті үгіт-насихат плакаттары ілінген. Колледж басшылығы студенттер мен магистранттарды университеттегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсене атсалысуға, сондай-ақ сапалы білім алу құқықтары аясында «Таза сессияны» қадағалап, әділдік іздеуге шақырады. Осылайша Түркістан облысына қарасты Шардара колледжінде «Таза сессия» акциясы аясында мемлекеттік, аралық және демонстрациялық емтихандар өтуде. Студенттерді емтиханға дайындау мақсатында колледж психологы Д. Қасымова тарапынан психологиялық стрестік, жабығу жағдайына ұшырамау үшін кеңестер берілді.