"Таза қалаға – таза жарнама» атты тақырыпта аудандық акция өткізілді

2022 ж. 16 шілде

"Таза қалаға – таза жарнама» атты тақырыпта аудандық акция өткізілді

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің насихат тобы аудандағы көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында "Таза қалаға – таза жарнама» атты тақырыпта аудандық акция өткізді. Акция барысында атауы жазылған көше аншлагтарының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандарының атаулары «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарға сәйкес дұрыс жазылуына және эстетикалық безендірілуіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, оның ішінде ағарған, тозған, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған, қате жазылған мәтіндерді реттеу керектігі туралы ескертулер берілді. Құрметті аудан тұрғындары ауданымыздың гүлденіп, тіліміздің тазалығын сақтай отырып сауатты жарнамалар мен көшелеріміздің көрнекті жерлеріндегі ғимараттар мен мекемелердегі жазылған атаулардың дұрыс жазылуына белсенділік танытайық.