Тарихпен таныстырар керуен-шеру басталды
2022 ж. 24 маусым

Білім бесіктері яғни, мектептерде сабақ беру барысында оқушыларға пәндік курстан бөлек экскурсиялық сабақтардың берері көп. Әсіресе тарих сабағын түрлендіріп өткізуге болады. Ол оқушының дүниетанымына, ой өрісін кеңейтуге таптырмас құрал болып табылады. Бүгінде Түркістан облысындағы мектептерде "Облыс тарихы" атты керуен-шеруі басталды. Аталмыш жобаның бірінші күні Сырлы Созақпен бастау алды. "Балалар жылы" аясында Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Облыс тарихы» атты керуен-шеруінің алғашқы күні «Қаратау жотасындағы сырлы Созақ» ұранымен Түркістан – Созақ бағыты бойынша: Тамыры терең, тарихқа бай сырлы өлкедегі «Баба түкті шашты Әзіз» кесенесі, Қарабура кесенелеріне барып, шежірелі тарихпен танысып, рухани сабақ алды. Тасын түртсең тарихы сөйлейтін сырлы Созақ өңірінің әр жотасы, әр қыры, әр сайы, әр тауының өзіндік тарихы бар. Көнекөз шежірешілер көне тарихты қопарып, ғасырлар қойнауынан сыр шертеді. Тарихы тұнған шежірелі өлке туралы оқушылар барынша білімдерін кеңейтті. «Созаққа барсаң күйшімің деме» дегендей өнерлі өлкеден шыққан танымал тұлғалар туралы да сыр шертілді. Оқушылар жол бойы сол өңірдің керемет табиғатымен танысып отырды. Түскілік уақытта Шолаққорған ауылы Т.Әлімқұлов атындағы 14 мектеп-интернатында ас ұсынылды. Шерулеткен күйде Түркістан қаласы С.Ерубаев мектеп-интернатына яғни жатын орынға келіп орналасты.