Танымдық сағат өткізілді
2022 ж. 30 маусым

Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болу керек. Бай болуға кәсіп, білімді болуға оқу, күшті болуға бірлік керек. Сол керектің жолында жұмыс істеу керек» деген қанатты сөзі бүгінгі күні де өзектілігін жоя қойған жоқ. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, «қазағым» деп жүрегі соққан, халқын алға жетелеуге ұмтылған, оның зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан Алаш тобының рухани көсемі, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жас ұрпаққа ұлт ұстазын жан-жақты таныту мақсатында мектепшілік, қалалық, облыстық деңгейде өткізілетін іс-шаралар жоспары мен ережелері әзірленіп бекітілген болатын. Осыған орай өңіріміздің әр ауданында түрлі шаралар өткізілуде.
2022 жылғы 29 маусым күні Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы, ақын, публицист, аудармашы, қазақ тіл білімінің атасы, қоғам қайраткері, педагог, ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және 2022 - балалар жылына орай Мақтаарал ауданының балалар шығармашылығы орталығының жазғы сауықтыру лагерінде "Әліппенің атасы -Ахмет Байтұрсынұлы " атты танымдық сағат өткізілді.
Жазғы лагерде демалып жатқан оқушылар мен ұстаздар аталған іс шараға өте белсенді қатысты.Алдымен ұстаздың өмірбаяны мен қызмет жолы туралы роликтер көрсетілді. Қазақ балаларын оқуға шақырып,білім іздеуге үгіттеген өлең жолдары оқылды.Балалар ақынның аудармаларынан үзінділер оқып өздерінің зеректігін көрсетті.Іс шара барысында орталықтың қазақ тілі оқытушысы Мутаева Жадыра Ахмет Байтұрсынұлының біраз өлеңдерін балаларға оқытып ,соңынан ойын ұйымдастырды. Ал, әдіскер Кукузова Нилуфар ұйымдастырған мақал- мәтел ойыны балаларға қатты ұнады.Жалпы іс-шара лагерь жеткіншектеріне жақсы көңіл күй сыйлады.Мағрипа ханым бастаған лагерь ұжымы орталық қызметкерлеріне алғыстарын айтып,осындай іс-шаралар көбірек ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді.