Танымдық сабақ өтті
2022 ж. 6 шілде

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ағылшын тілі оқытушысы Уразматова Роза Камалқызы №15 колледж МКҚК-ның студент жастары арасында «MY MOTHERLAND IS KAZAKHSTAN» атты тақырыпта танымдық сабақ өтті.
Танымдық сабақтың басты мақсаты - тіл үйренушілердің білімдерін дамыту,ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, жаңа сөздіктермен танысу арқылы сөздерді дұрыс айтуға үйрету,сөздік қорын молайту болып табылады.Сабақ барысында тіл үйренушілер тақырыпқа сай түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды қызығушылықпен орындап,қызықты сұрақтарға жауап берді.Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді. Қорытындылай келе ағылшын тілін меңгеру жастардың ғана болашағы емес, тұтастай ұлттың болашағы жарқын болуының кепілі.