Танымдық саяхат жасады
2022 ж. 15 шілде

Балалар – еліміздің болашағы. Өмірде баланың балдай тәтті күлкісінен, қуаныш-шаттығынан асқан бақыт жоқ. Биылғы Барыс жылы - балаларға арналған жыл болып жарияланғаны баршамызға аян. Осыған байланысты еліміздің әр бөлігінде балаларға арналған іс-шаралар өтілуде. Жазғы мектеп кезінде ле білім алушылардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуі үшін мәдени іс -шаралар ұйымдастырылуда. Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Әлия Молдағұлова атындағы мектептің 5"А" және 5"Ә" сынып білім алушылары сынып жетекшілерімен бірге аудан орталығындағы "С.Қожанов атындағы мұражайына" танымдық саяхат жасады. Балалар мұражайда мұражай қызметкерлерінен көптеген мағлұматтар алып, керемет әсермен қайтты.