Тамақтану орталықтарының ас мәзірлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

2022 ж. 1 тамыз

Тамақтану орталықтарының ас мәзірлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түркістан қаласы бойынша жарнамалармен ақпараттардың ҚР «Тіл туралы» Заңының аясында Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ-нің мамандарынан құрылған арнайы үгіт насихат тобы бүгін С.Ерубаев көшесі бойындағы тамақтану орталықтарының ас мәзірлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы құрылған жұмысшы тобы 20 шілде күні 30-ға жуық тамақтану орталықтарының мәзірін бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша жарнама иелеріне «Тіл Туралы» Заңының талаптары түсіндірілді. Осы ретте, қаладағы тамақтану орталықтарының мәзірін мәтіндеріне қөңіл бөлініп ретке келтіру жұмыстары жалғасатын болады.