Шымкенттік оқушылар бағдарламаға қолдау білдірді
2022 ж. 15 сәуір

Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты №89 мектеп-лицейінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс шаралар атқарылуда. Еліміздің болашағы бүгінгі жастарды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды құнттау бағытында түрлі тәрбиелік мәні бар сағаттар өткізілуде. Мектеп оқушыларын еңбекке баулу, олардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру да назардан тыс қалған емес. Жуырда аталмыш мектеп оқушылары Елбасының айтулы бағдарламасына қолдау білдіру мақсатында «Тазалықты сүйеміз» тақырыбында сенбілік өткізілді, 2 сыныптан 11 сыныпқа дейін оқушылар және мектеп-лицейдің барлық қызметкерлері қатысты. Сенбілікті өткізу және аумақты тазарту үшін іс-шаралар жоспары құрылды. Әр сыныпқа жауапты мұғалімдер мен белгілі бір участік бекітілді, сенбілік жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді.Қажетті құралдармен жабдықталған балалар мен мұғалімдер қуана-қуана мектеп-лицей аумағын тазарту қоқыстарды жинап, ағаштар мен бұталардың ескі бұтақтарын кесіп, санитарлық тазалықтар жүргізіліп, арық-атыздар тазаланып, жаяужүргіншілер жолдарын қоқыстан тазалау, сонымен қатар отырғызылған ағаштарды әктеп, кесілген бұтақтарды жинады. Ортақ күшпен бір сағат ішінде мектеп аумағы тазарып, әдемі болып шықты. Біздің мектеп-лицейдегі сенбілік - бұл аумақты тазарту және көріктендіру ғана емес, оқушыларды ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік болды.