Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына дайындық қызу

2022 ж. 15 сәуір

Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына дайындық қызу

Шымкент қаласында 2020 жылы болатын ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына дайындық басталып кетті. Ол үшін бүгінде дайындық қызу жүргізілуде. Онда шаһардағы ғимараттардың сәулеттік келбетін ретке келтіру, мәдени нысандар салу, абаттандыру және инфрақұрылымды жетілдіру үшін қарқынды жұмыстар атқарылуда. Әрине Шымкент қаласының осындай мәртебеге ие болуы шымкенттіктер үшін үлкен абырой. Бүгінде қаланы дамыту бойынша іс-шара жоспарын бекітіп, сол бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Екінші шаһар аумағын жасыл желекке айналдыру мақсатында арнайы карта әзірленді. Көпқабатты үйлердің қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жуырда ғана Темірлан тас жолы бойындағы бірнеше үй жөнделді. Түркістан шахарына тікелей шығатын күре жол болғандықтан мұндағы үйлердің қасбеті әсем болуы тиіс. Бүгінде басталған іс аяқталуға жақын. Сонымен қатар келуші қонақтар мен тұрғындарға жайлы демалыс сыйлайтын скверлер мен Арбат салынуда. Қаладағы Бекет батыр көшесіндегі Арбат бітуге таяу. Одан белек тағы да төрт Арбат салынады. Осылайша Шымкент қаласы алдағы үш жылда көркейе түспек. Қаланың дамуы жаңа бағытта күшейтетін «Шымкент - Сити» жобасы жүзеге асырылуда. Шымкенттегі ескі қала орнының аумағында археологиялық ашық аспан астындағы музей құрылмақ. Ол үшін жуырда ғана қала әкімі Нұрлан Сауранбаев архитекторлар мен сәулетшілермен бірге ескі Шахар аумағын аралаып шығып, нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай ақ шатқал бағдарламасы бойынша жуырда 80 мың түп ағаш отырғызылды. Бұл да қаланы көркейтуге арналған жоспарлардың бір парасы ғана. «Шатқал» бағдарламасы бойынша егілген көшеттер 2020 жылға дейін жайқалған жасыл желек және саябаққа айналатын болады. Бұған қоса, алдағы уақытта қаланың жасыл аймағын 18 мың гектарға жеткізу жоспары тұр.