Шығармашылық қабілеттерін дамытуға өз үлесін қосуда

2022 ж. 30 маусым

Шығармашылық қабілеттерін дамытуға өз үлесін қосуда

Түркістан облысындағы Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №6 Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Балдырған» жазғы сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Мұнда балалар жаз қызығымен ойын ойнап, түрлі шаралар ұйымдастырудан бөлек, бір уақ пән сабақтарынан да қосымша білім алады. Балалардың ойнай жүріп білімге ден қоюының көп артықшылықтары бар екендігі ақиқат. Мектеп директоры Тағаева Лазакат Сейдалықызы балаларға жасалған жағдайды ұдайы бақылап отырады. Олардың тамағы, жатын орны, ойнайтын алаңдар, сабақ оқитын кабинеттер барлығы да мектеп басшысының қатаң бақылауында. Айта кететіні, мұнда балалар тек демалып қана қоймай, жан-жақты дамып, білімдерін арттырады. Пән мұғалімдері өз сабақтарын түрлі интеллектуалды жарыс, эстафета және тақырыпқа сай қойылым түрінде өткізіп, оқу жылындағы игерілген білімдерін пысықтайды. Әр күнге бекітілген жоспарға сай тренинг және балалардың ойымен шығармашылығын дамытатын ойындар ұйымдастырылады.Жазғы лагер жұмысы осылайша балаларға керемет демалыс сыйлап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға өз үлесін қосуда.