Шығармашылық басты мақсат болуы тиіс

2022 ж. 17 шілде

Шығармашылық басты мақсат болуы тиіс

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалы ұйымдастырған дәріс сабақтар Түркістан қаласында өтуде . Дәріс тақырыбы : “Сабақты тиімді жоспарлау және қысқа мерзімді жоспарлауды қорғау” деп аталады. Мұғалім оқушының не білетінін және қандай жаңа ақпарат қосу керектігін анықтаған жағдайда ғана балалардың назарын оқуға аудара алады. Метасананы оқыту жолдарының бірі - ойлау тілін анық ету, оны сабақ жоспарына және сыныпта талқылауға қосу болып табылады . Бүгін біз ..... туралы ойлаймыз? Бұл сабақ..... туралы? Не туралы ойладық? - деген сауалдарды ойбағдар ретінде қолдануға болады десек ,зерттеулер көрсеткендей , идея тудыру барысында шығармашылық басты мақсат болуы тиіс. Қатысушы мұғалімдер дәріс сабақтан өздеріне қажетті мол мағлұмат алды. Алдағы уақытта осы бағыттағы сабақтар көптеп өткізілсе деген тілектерін жеткізді