Суретшілер байқауында топ жарды
2022 ж. 11 шілде

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданы, Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты Мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазынашылық мекемесінде «Ақ зер» көркем сурет үйірмесі жұмыс істейді. Талантты оқушыларды талабынан танып, топшысын қатайтып, дарынын ұштауда аталған үйірменің еңбегі көп. Мұнда қылқаламның қыр сырын ұғынған өте дарынды оқушылар ізденіс үстінде жүр. Аталмыш үйірменің оқушылары талай рет республикалық, облыстық байқауларда топ жарып, қанжығалары майланып жүр. Жуырда ғана осы үйірменің түлегі, облыстық «Бал таңдай» балалар өнер фестивалі аясында өткізілген «Менің туған жерім» суретшілер байқауында үздік туындысы үшін Әділхан Дана І орынмен марапатталды. Сурет сырын терең ұғынған жас дарынның еңбектерін қарасаңыз болашағынан үлкен үміт күттіреді. Сұлу табиғат, Отырар ауданының киелі жерлерін бейнелеген шығармалары расында тамсандырарлықтай. Алдағы уақтты талантты дарын жоғары оқу орнына түсіп, талантын ұштауды армандайды.