Судьялар мен сот қызметкерлері арнайы сабаққа қатысты

2022 ж. 16 шілде

 Судьялар мен сот қызметкерлері арнайы сабаққа қатысты

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері әрдайым білімдерін жетілдіріп ұдайы ізденіс үстінде болуы тиіс. Бұл атқарып отырған қызметтеріне де көп септігін тигізері сөзсіз. Жуырда Түркістан облысы соттарының судьялары мен сот қызметкерлері арнайы сабаққа қатысты. Басты мақсат мемлекеттік тілді терең меңгеру болып табылады. Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы Баймаханова Айжан қазақ тілінен В1 орта деңгейі бойынша сабақ өтілді. Өтілген сабақтың тақырыбы – сөздердің орфографиясы және орфоэпиясы. Сот қызметкерлері аталған сабаққа қызғушылықпен қатысып, түрлі сұрақтар қойып, тіл білімін жетілдіруге деген ынталарын байқатты. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы сабақтар жалғасын табатын болады.