Студенттерге ашық сабақ өтті

2022 ж. 12 шілде

Студенттерге ашық сабақ өтті

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы №19 колледжі игі істердің ұйытқысы болып келеді. Оқу мен тәрбиенің бастау көзі десек те болар. Мұнда студенттердің мамандық пәнінен бөлек адами қасиеттерін ұштайтын түрлі тәрбиелік мәні бар шаралар ұйымдастырылып тұрады. Жуырда аталмыш оқу ордасында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Алдиярова Гүлмираның ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Отбасы руханилықтын көзі» тақырыбы аясында ашық сабақ өтті. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтанда туған үйдің жылуы көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспенщіліктен басталады. Қазақтың ұлы ақыны Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деген. Адамды сүю-адам танудан басталады. Адам тану-адамзат арасындағы қарым-қатынас мейірімінен басталады. Тәрбие көзі отбасылан бастау алатындықтан ары қарай мектеп, колледж, университет ұстаздары студенттерге тәрбиенің қайнар бұлағынан қанып ішу үшін түрлі шаралар өткізіп, адамгершілік дәнін себуге тырысады. Әрине мұндай шаралардың берері көп. Алдағы уақытта Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты №19 колледж ұстаздары оқу процесінен бөлек, рухани кештерді жиі ұйымдастырмақты көздеп отыр.