Студенттерден сауалнама алынды
2022 ж. 26 маусым

Білім сапасын арттыру үшін қоғамдағы өзекті мәселелерді жою үшін белене атсалысу қажет. Ол үшін білім ордаларында оқып жатқан тәлімгерлер бәріне ашықтықпен жауап беруі тиіс. Бұл да болса сол өзекті мәселені жоюға қосқан үлес болып саналады. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшеюде. Аталмыш шараға білім ордалары да үн қатуда. Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында “Таза сессия” акциясы негізінде сынақ-емтихандар барысында әртүрлі мамандық студенттерінен сауалнама алынды. Сауалнамаға 137-студент қатысты. Сауалнаманың басты мақсаты - Оқу орындарындағы емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу және ашықтықпен академиялық адалдықты қамтамасыз ету. Акция нәтижесі білім беру ұйымындағы оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтайды және білім ордасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Студенттер аталмыш шараға белсене атсалысты. Берілген сауалнамаға барынша әділ әрі нақты жауап берді. Осылайша қоғамдық дерт- сыбайлас жемқорлықты жоюға өз үлестерін қосты.