Студенттер сенбілікке қатысты

2022 ж. 17 шілде

Студенттер сенбілікке қатысты

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы №12 колледж қызметкерлері мен студенттері Жалпыхалықтық сенбілікке шығып колледж ауласында санитарлық тазарту,ағаш түптерін,жол бардюрлерін әктеу іс- шарасына белсене араласты.

Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.