Ұстаздық – ұлы құрмет
2022 ж. 1 шілде

Әлемдік өркениетке бет бұрып, болашақ қазақ елінің ұрпақтарын тәрбиелеудің және білім берудің негізі - мектеп. Ұстаз деген сөз қаншалықты қысқа болғанымен, арқалаған жүгі өте ауыр. Қадір-қасиеті өте терең. Сол себептен мұғалім болу әр адам баласының қолынан келетін болса, ұстаз болу үшін үлкен қасиет керек шығар. Себебі, ұстаз деген ұғым, өте қасиетті ұғым. Тек нағыз ұстаз ғана егемен елге лайықты ұрпақ тәрбиелей алады. Бала жүрегіне жол таба білетін, рухани азық беретін де - ұстаз. Бұған ауданымыздың ұстаздарының бүгінгі таңдағы шынайы еңбектері дәлел.
Осыған орай биылғы оқу жылының жемісті аяқталуына орай Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының" "Түркістан облыстық ұйымына" мүше, "Шапағат-педагог" кәсіподағы төрайымы Гүлнара Тлеубердиева ауданымыздың ұлағатты ұстаздарын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің "Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін" төс белгісімен: Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №50 Н.Тілендиев атындағы ЖОМ-нің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ашманова Асияны, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №50 Н.Тілендиев атындағы ЖОМ-нің мұғалімі Алтыбаева Халида Сейдакпаровнаны, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №29 К.Тіленшин атындағы ЖОМ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джамекова Гүльсара Балтабаевнаны, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №29 К.Тіленшин атындағы ЖОМ-нің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Шанкеев Бақытбек Ордабекұлын, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №30 Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сейтбеков Қайрат Алпысовичті және Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №44 Мәдени жалпы орта мектебінің директоры Айтбаев Бахтияр Мамадияровичті марапаттап, ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек ете беріңіздер деп тілек білдірді.
Сондай-ақ марапаттау іс-шарасында Гульнара Тлеубердиева ұстаздардың ұстазы атанып жүрген, ұлағатты ұстаз Алтыбаева Халида Сейдакпаровнаны 17 жыл бойы №50 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының , кәсіподақ комитетінің төрайымы болып табысты қызымет атқарғаны үшін және бейнетінің зейнетін көру үшін зейнетке шығуымен құттықтап, кәсіподақ атынана арнайы сый-сияпат табыстады.
Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімдісіңіруші адам-мұғалім.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!