Спорттық сайысы өтті
2022 ж. 6 шілде

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданындағы «Балапан» балабақшасында «Балалар жылы" аясында балабақшада өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету, ынталы іскерлігін арттыру, спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту мақсатында "Көгершін", "Қарлығаш" ересек топтары арасында тәрбиешілері Уазова Қарлығаш, Ешмуратова Айжарқын "Толағай" спорттық сайысы өтті. 7 кезеңнен тұратын сайыста "Қыран" және "Сұңқар" болып балалар екі топта бар өнерлерін, шапшаңдықтар көрсетті. Сайысты балабақша тәрбиешісі Есмурзаева Кульнара жүргізіп отырды.
Балабақшамыздың ата-анасы Қалықұлова Меруерт, Өскен-өңір газетінің тілшісі Өсербай Бота және балабақша медбикесі Көпжасарова Гулбану, қазақ тілі оқытушы Султангереева Жанар әділқазылық жасаған тартысты сайыста екі топта тең түсіп достық жеңді. Сайысқа белсене қатысқан балаларға марапатпен, сыйлықтар табысталды. Балалардың қуанышында шек болмады.
Балабақшамыздың да басты мақсаты алдымызға келген әрбір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім беріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.