«Сөйлеу дағдыларын дамытудағы белсенді әдістер: қолдану тәжірибесі» конкурсы өткізілді

2022 ж. 17 шілде

«Сөйлеу дағдыларын дамытудағы белсенді әдістер: қолдану тәжірибесі» конкурсы өткізілді

«Өрлеу «БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Әдіснама және педагогикалық инновациялар» кафедрасының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында «Активные методы в развитии речевых навыков: опыт применения» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық онлайн-бейне сабақтар конкурсы өткізілді.

Мақсаты - облыстық деңгейде мұғалімдердің озық тәжірибелерін қорытындылау және тарату, пән ерекшеліктеріне байланысты білім берудің тиімді әдістерін тарату.

Байқауға қатысу үшін облысымыздың орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен инновациялық, шығармашылық бағытта жұмыс жасайтын, өз жұмысында оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қолданатын 20-дан астам сабақ түсті.

Байқауға Кентау, Шардара, Түркістан қалалары мен Созақ, Келес, Жетісай аудандарының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конкурстың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дипломдармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Нуржигитова Н.Ж.

«Әдіснама және педагогикалық инновациялар»

кафедрасының аға оқытушысы