Шекарашылар Қазтест жүйесінің орта деңгейі бойынша курсты аяқтады

2022 ж. 6 шілде

Шекарашылар Қазтест жүйесінің орта деңгейі бойынша курсты аяқтады

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейі жыл сайын осы ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде анықталып отырады. Мемлекеттік бағдарламада ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 және С1 деңгейлерінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі бойынша арнайы нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған. Көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында облысымызда жыл сайын диагностикалық және сертификаттық тестілеулер өткізіліп келеді. Жуырда Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы департаменті Төлеби ауданы бойынша шекара басқармасының "Бағыс" шекара бөлімшесі қызметкерлеріне қазақ тілінен Қазтест жүйесінің орта деңгейі бойынша курс аяқталып, сертификат табыстады. Оқытушы Дәулетова Құндызай қызметкерлердің асқан қызығушылықпен оқығанын айтып өтті.