Сауатты жазу дағдыларын үйренді
2022 ж. 30 маусым

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүгінде аудандардағы тілдерді оқыту орталықтары арнайы жоспар құрып, сол бойынша нақты шараларды іске асыруда. Ол үшін арнайы іс-шаралар тізбесі, атқарылған жұмыстардың есебі, қазақ тіліндегі қосымша әдістемелік кітаптар, сөздіктер, деңгейлеп оқыту дискілері, заңнамалар іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің үлгі кітапшалары тіл үйренушілерге ұсынылады.«Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі» десек, мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіретіндей шаралар тізбегі жалғасын табуда. Осы орайда, Түркістан облысына қарасты Леңгір қаласында орналасқан «Яссин» Медициналық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіқызметкерлерінен қазақ тілінен Орта (В1) деңгейі бойынша топ құрамы ашылып, оқу бағдарламасына сәйкес күнтізбелік сабақ жоспары бекітілді. Ал 24 маусым күні орталық қызметкерлерімен алғашқы сабақ жүргізілді.Сабақ барысында «Сәлем – сөздің анасы» лексикалық тақырыбында және «Үндестік заңы» грамматикалық тақырыбы бойынша жаттығу жұмыстары орындалып, тыңдалым, оқылым, айтылым бөлімдері қамтылды. Сабақтың мақсаты - тыңдаушылардың қазақша сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру, қатысушылардың ой-өрісін және сөздік қорларын дамыту болып табылады. Тіл үйренуге құмбыл азаматтар аз ғана уақыттың ішінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде.