Сауатты жарнама - тіл тазалығының көрінісі
2022 ж. 23 маусым

Жарнама сауатты жазылса ғана тартымды болмақ. Ал тіл тазалығын бұзып, қате жазылған жарнамалардан бүгінде көз сүрінетіні жасырын емес. Дегенмен тіл мамандары сауатсыздыққа қарсы күресті күшейтіп отыр. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірге насихат тобы құрылып, аудандағы көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу "Сауатты жарнама - тіл тазалығының көрінісі" атты тақырыпта аудандық акция өткізілді. Акция барысында атауы жазылған көше аншлагтарының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандарының атаулары «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарға сәйкес дұрыс жазылуына және эстетикалық безендірілуіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, оның ішінде ағарған, тозған, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған, қате жазылған мәтіндерді реттеу керектігі туралы ескертулер берілді. Аудан тұрғындарына ауданымыздың гүлденіп, тіліміздің тазалығын сақтай отырып сауатты жарнамалар мен көшелеріміздің көрнекті жерлеріндегі ғимараттар мен мекемелердегі жазылған атаулардың дұрыс жазылуына белсенділік таныту туралы насихат жүргізілді.