«Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты акция өтті
2022 ж. 1 тамыз

Қазіргі таңда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы қоғамда жиі сынға ұшырап жатыр.
Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі,«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25 шілде күні «Сауатты жарнама-тіл тазалығының айнасы» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты-аудандағы ауылдардың, ауылдық округтердің атауы жазылған көше аншлагтарының көрнекі ақпарат мәтіндерінің, коммерциялық нысандар атауларының жарнамалары қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Акция аясында, көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау, жарнама тілін реттеу мен жүйелеу, жеке меншік сауда нүктелерінің маңдайша жазулары, ақпараттық тақтайша жазулары, жарнамалық жазулар, т.б. нысандардағы жазулар «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» және «Жарнама» туралы Заңдарына сай орналасуын, жазылуын, сауаттылығын бақылау назарға алынып,үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.