«Сауатты жарнама-тіл тазалығының айнасы»

2022 ж. 6 шілде

«Сауатты жарнама-тіл тазалығының айнасы»

Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары қала көшелеріндегі заң талаптарына сай келмейтін, грамматикалық қателіктерге жол беріп отырған кәсіпкерлік нысандарға маңдайша және жарнама жазуларын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестендірулерін, сыры кеткен, жыртылған, әріптері түсіп қалған жарнама мәтіндерін қайта жаңарту керектігі туралы түсіндірме-насихат жұмыстарын жүргізген болатын.

Солардың кейбірі айтылған ескертуді дұрыс қабылдап, тиісті жұмыстар жүргізген. Айтылған сын-ескертпеге дер кезінде түзету енгізген кәсіпкерлерге алғыс білдіріп, өзге де кәсіпкерлерді үлгі алуға шақырады.