Сауатты сөйлеу мен жазуды толықтай меңгеріп шықты
2022 ж. 20 маусым

Бүгінгі таңда жоғары оқу орнының алдында бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Мемлекеттік тілді білу, оны өз қызмет әрекетіне қарай қолдана білу құзіреті болашақ маманға қойылатын негізгі талаптың бірі болып табылады. Осыған орай қазақ тілін оқытуды жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда оқыту методикасының алатын орны ерекше. Қазіргі кезде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан қазақ тілі мұғалімдері өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне көмек қолын созуда. Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы мол өзге ұл өкілдері көп. Аудан көпұлтты. Мұнда түріктер, өзбектер, әзірбайжандар, немістер сынды өзге ұлт өкілдері көптеп қоныстанған. Олардың жергілікті мемлекетті құраушы ұлттың тілін үйренуге деген құлшынысы басым. 4 ай жүргізілген курстың нәтижесінде Леңгер қалалық аурухана қызметкерлері, яғни өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен ауызша сөйлеу мен қатар жазба тілін де тиісті деңгейде меңгеріп шықты. Тіл дамыту жұмысының өзі осы қағида бойынша жүзеге асырылады. Тіл үйренушілер сауатты жазу мен төл әріптерімізді дұрыс қолдануға машықтанды. Олар қазақ тілінде сауатты сөйлеу мен жазу мәдениетін толықтай меңгеріп шықты.