Сарыағаш ауданында 8 мектеп салынып жатыр
2022 ж. 14 шілде

Еліміз бойынша әр төртінші сәбидің оңтүстікте дүниеге келетінін ескерсек соңғы әлетте Түркістан облысында мектеп жетіспеушілігі мәселесі туындай бастады. Осыған орай әр ауданның жағдайы сараланып, мектеп құрылыстар жүргізілуде. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданы аумағында 8 мектептің құрылысы жүріп жатыр.Бірнеше елдімекенде салынып жатқан нысанның ең үлкені - Самал шағынуданындағы 900 орындық білім ордасы. Сала жауаптылары құрылыс жұмысының тамыз айында аяқталатынын жеткізді. Сарыағаш қаласы, Самал шағынауданындағы 900 орындық мектептің құрылысы 2020 жылы басталған. Конкурс құны 1 млрд. 646 млн. 988 мың теңге. Жаңа білім ордасы 2022 жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Жауаптылар жұмыстың басым бөлігі аяқталғанын айтады. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы қасбеті мен ішкі бөлмелердің қабырғалары әрленіп жатыр. Ол үшін 5 техника және 100 ге жуық құрылысшы тартылған. Сондай-ақ, бұдан бөлек Жартытөбе, Ақжар, Жылға, Әлімтау, Құркелес, Дарбаза ауылдық округтерінде де мектеп ғимаратының құрылысы басталған. Сарыағаш ауданы аумағында Түркістан облысы құрылыс басқармасы арқылы ағымдағы жылы 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, Достық елдімекеніндегі №59 300 орындық мектептің құрылысы 2020 жылы басталған. Бағыс ауылындағы 300 орынға арналған Ғани Мұратбаев атындағы №23 мектептің құрылысы 2020 жылы басталған. Жылға елдімекеніндегі 100 орындық №56 бастауыш мектептің құрылысы 2021 жылы басталған. Тасқұдық елдімекеніндегі Әл-Фараби атындағы 100 орындық 2021 жылы басталған. Сондай-ақ, Жылға елдімекеніндегі С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 150 орындық оқу корпусының құрылыс-монтаж жұмысына 2022 жылға 10 млн теңге қаржы қаралған. Құрылыс дер кезінде бітсе оқушылар алдағы оқу жылында жарқыраған жап жаңа мектепте білім алатын болады.