Сапалы маман дайындау үшін...
2022 ж. 15 шілде

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде оқу орнының 50 жылдығына орай «Аграрлық салада ғылым мен өндірістің ұштасуы – сапалы маман дайындаудың кепілі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция «Talap» КеАҚ мен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің жұмыс жоспарына сәйкес «Talap» КеАҚ, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, колледжді сенімгерлік басқаруға алған «DALA FRUIT KZ» ЖШС мен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі бірлесе отырып республикадағы аграрлық салада мамандар даярлайтын техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен Агрономия, Ветеринария, Ауыл шаруашылығын механикаландыру және қайта өңдеу мамандықтары бойынша дәріс беретін арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арналған «Аграрлық салада ғылым мен өндірістің ұштасуы – сапалы маман дайындаудың кепілі» тақырыбында дәстүрлі форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысының орынбасары Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайымұлы, «Talap» КеАҚ президенті Ордабаев Олжас Темірбекұлы, «Атамекен» Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы басшысы Нақыпбеков Тимур Арсенұлы, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ТжКББ бөлімінің бас маманы Нәлжігітова Рысалды Оңғарқызы, Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, ғалымдар, арнайы пән оқытушылары ,өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік серіктестер және БАҚ өкілдері қатысты.