Салт-дәстүрді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде
2022 ж. 14 шілде

Кітап біздің рухани жан азығымыз екені рас. Кітап оқыған баланың ой өрісі кең, парасат пайымы мол болады. Сондай-ақ кітап кейіпкерлеріне ұқсағысы келіп, жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Бүгінгі ұрпақтың теелфонға үңілмей кітап оқуға деген құштарлығы расында қуантады. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт — дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты №11 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Демалыста кітап оқимыз» челленджі жалғасуда. Оқушылар жазғы демалыстарында мектеп кітапханасынан алған кітаптарын оқып жан жақты дамуға, ой өрісінің кеңейіп, рухани бай болуға кітап сенімді серік екенін ұғынуда. Негізгі мақсат та сол балалардың сөздік қорларын дамыту, сөзді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Алдағы уақытта мектеп әкімшілігі кітап оқуға қатысты тағы да қызықты жобаларды қолға алмақ.