Шағын көріністер ұйымдастырылды

2022 ж. 6 шілде

Шағын көріністер ұйымдастырылды

Жаз — балалар үшін алаңсыз таза ауада асыр салып ойнап, қыдыратын таң ғажайып және қолайлы кез. Дәл осы кезеңде олар көп уақыттарын таза ауада өткізеді. Және өте маңыздысы балалардың денсаулығын нығайту шынықтыру, үлкендермен табиғат аясында серуен, мерекелер осылардың барлығы бала денсаулығына, ойлау қабілетінің дамуына зор әсерін тигізеді.

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде жазғы сауықтандыру жоспары балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталды. Он бес оқушыдан төрт топқа "Балдәурен"," Жас-Ұлан", " Балауса" "Болашақ" топтарына алпыс оқушы қамтылды.

Жазғы сауықтыру жұмыстарының ең негізгі алға қойған мақсаты: оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай отырып, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау, және балаларға есте қалатындай естеліктер сыйлау, ой өрісін дамыту. Оқушылардың бос уақыттарын көбірек таза ауада өткізу, сонымен қатар спорттық ойындар ойнату, табиғатпен таныстыру яғни өсімдіктер, жемістермен таныстыра отырып, ауа - райындағы құбылыстарды бақылай білуге талаптандыру болып табылады. Жазғы демалыс кезінде біздің мектебімізде балалармен нептун күні, гүлдер мерекесі, әр қашан күн сөнбесін (бормен сурет салу), "Толағай" сайысы, түрлі ұлттық ойындар, табиғат аясынадағы серуен атты іс - шаралар жүргізілді.

Серуен кезінде балалармен тек спорттық ойындармен тоқталмай, жазғы шынықтыру принциптерін ұстана білдік. Осы кезде әр балалардың қимыл - қозғалыстарына жеке көңіл бөлінді. Таза ауада серуен кезінде тағы бір балалардың ой өрісін дамыту мақсатында далада өсіп тұрған жеміс ағаштарымен таныстыру болды. Жеміс ағашы туралы аздаған ақпарат беріліп, олардың пайдасы туралы айтылды. Балаларға жақсы көңіл – күй сыйлау мақсатында сабын көпіршіктерімен ойнату, таза ауада мольбертке сурет салғызу, сияқты шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Жазғы сауықтандыру аясында қимыл- қозғалыс ойындары, уақыт ұзақтығын қатаң ескере отырып, балаларға көлеңке жерде ертегілер оқу, ертегі кейіпкерлерін есте сақтауға, ертегі жайлы балалардың көмегімен шағын көріністер ұйымдастырылды.