«Үш тұғырлы тіл саясаты – елдігімізбен тірлігіміздің негізі»
2022 ж. 6 шілде

«Мемлекеттік тілдің бүгіні, болашағы және латын әліпбиінің маңыздылығы»
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оның маңыздылығын түсіндіру, оқырмандарың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу, Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға тәрбиелеу мақсатында,Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ және Кентау қалалық орталық кітапханасының абонемент бөлімімен бірлесе отырып, «Үш тұғырлы тіл саясаты – елдігімізбен тірлігіміздің негізі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, «қазағым» деп жүрегі соққан, халқын алға жетелеуге ұмтылған, оның зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан Алаш тобының рухани көсемі, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиін құрастыруда еңбегі зор. Қазақ әріптерін латын әліпбиінде таңбалауды қолға алып, алғашқы сара жолға қадам бастап берген ұлы көсемнің жолын жалғастыру болашақ жастар еншісінде.
Дөңгелек үстел барысында оқырмандарға «Мемлекеттік тілдің бүгіні, болашағы және латын әліпбиінің маңыздылығы» түсіндіріліп, Жетілдірілген әліпбимен таныстыру жұмыстары жүргізілді. «Латын әліпбиі» атты парақшалар таратылды. Парақшаларда жаңа қазақ әліпбиі мен графиканың таңбалануындағы ерекшеліктер түсіндірілген.
«Үш тұғырлы тіл саясаты – елдігімізбен тірлігіміздің негізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.