Психологиялық тренингке белсенді қатысты
2022 ж. 12 шілде

Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологтары ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды сақтау, ата- аналардың бала тәрбиелеудегі орны мен жауапкершілігін арттыру мақсатында Ш. Ділдәбеков ауылдық округінің мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу болып өтті. Әрине мектеп оқушыларын білім нәрімен сусындатудан бөлек саналы тәрбие берудің де маңызы зор. Ол үшін мектеп пен ата-ана ғана емес, бүкіл қоғам болып атсалысу қажет. Сонда ғана сапалы білім мен саналы тәрбие алған оқушылар болашақтың іргетасын нықтайды. Кездесу барысында отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету, отбасы тәрбиесінің мән – маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау жайы сөз етілді. Ауыл тұрғындары отбасы құндылықтары туралы пікірлерін білдіріп, жас отбасыларға берер ақыл- кеңестерімен бөлісті. Психологиялық тренингке белсенді қатысып, отбасы құндылықтары жайлы сұрақтарға жауап берді.