Пікірталас тартысты өтті
2022 ж. 28 маусым

Өңірімізде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру арнайы жобасын іске асыру бойынша белсенді және ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі күні жетілдірілген әліпбидің жобасын көпшілікке насихаттау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Түсіндіру жұмыстары негізінен тіл мамандары арасында жүргізілуде. Болашақта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
Елімізде латын қарпі толық қолданысқа енгізілмегендіктен әлі мекемелерге қолдану рұқсат етілмейді. 2025 жылға дейін халық латын қарпін толық меңгеруге тиіс. Осыдан кейін ғана латын қарпі толық қолданысқа енбек. Әзірше латын қарпін үйрету жұмыстары ғана жүзеге асырылмақ. Осыған орай, Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің жоспары аясындамемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу туралы жобасын негіздеу мақсатында орталықтың қызметкері Қудайбергенова Сабира «СөйлеTime» клубының мүшелеріне «Латын әліпбиі: тәжірибе, пікір» тақырыбында клуб мүшелерімен пікірталас ұйымдастырып өтті. Мақсаты табиғи тіліміздің айтылымы мен жазылымына көшу. Латын әліпбиінің емле ережелері туралы түсінік беру, сұрақ-жауап арқылы ойларын жинақтап, пікір алмасты. Қатысушар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасу тартысты өтті.