Пікіралмасу сайысы болып өтті
2022 ж. 6 шілде

XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Оған сол кездері қазақ зиялыларынан шыққан ұлы тұлғалардың әсері өте күшті болды. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақ руханиятында Ахаңның алар орны ерекше. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Ахмет Байтұрсынұлы біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. Осыған орай бүгінде Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына байланысты көптеген іс шаралар өткізілуде. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспары аясында маусым айының 29 күні мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу туралы жобасын негіздеу мақсатында орталықтың әдіскері Сейдазимова Алима Мамытқызы «СөйлеTime» клубының мүшелеріне «Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырып өтті. А.Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түсініктер беру, пікіралмасу, сөздік қорын молайту, ақынның шығармашылық еңбектерінен үзінді оқып, талқылау арқылы қазақ тілді латын әліпбиінде дұрыс жазуға дағдыландыру