Педагогтердің біліктілігін арттыру курсы бойынша бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары талқыланды

2022 ж. 19 маусым

Педагогтердің біліктілігін арттыру курсы бойынша бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары талқыланды

Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді. Демек, жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Мұғалімдердің біліктіліктерін ұдайы дамыту күн тәртібінен түскен емес. Осыған орай Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент қалалық филиалы мен Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығы арасында кездесу өтті.

Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанар Сәкімбекқызы мен Орталық директоры Бақытжан Нұрмаханбетұлы екі мекеме арасындағы жұмысты бірлесіп атқару жөнінде уағдаласты. Кездесу барысында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы бойынша бірлесіп атқаратын жұмыс жоспары талқыланды.

Біліктілігін арттырған педагогтердің облыстық базасы құрылып, оған сараптама жүргізіп, курсқа педагогтерді жүйелі жіберу мәселесі кеңінен қаралды. Сонымен қатар курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарын ортақ ұйымдастыру да көтерілді.

Ең бастысы облыс әдіскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ортақ келісімге келді. Келесі айда арнайы курс жоспарланып отыр.