«Парасат» клубының кезекті отырысында жастар мәселесі қозғалды

2022 ж. 16 шілде

«Парасат» клубының кезекті отырысында жастар мәселесі қозғалды

«AMANAT» партиясы Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікір сайыс клубының кезекті отырысы Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ә.Тастанбековтің төрағалығымен «Жастар тәрбиесі мәселесіне» арналды. Отырысқа аудан әкімі М.Отаршиев және «AMANAT» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Қыстаубаев, аудандық мәслихат депутаттары мен жастар, ауданның ардагерлері, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудан жастары туралы, олардың білім алуы туралы, оларды толғандыратын өзекті мәселелер туралы Жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаров хабарлама жасады. Осы мәселе бойынша қосымша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Д.Акатовтың және Сарыағаш АПБ бастығының бірінші орынбасары А.Серікбаевтың баяндамалары тыңдалды.

Клуб мүшелері тарапынан жастар мәселесін шешу жолдары бойынша сұрақтар мен ұсыныстар беріліп, клуб отырысының шешімі бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

Келесі клуб отырысына «Аудандағы тазалық мәселесі» мақұлданып, отырыстың төрағасына Дарбаза ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шойбек Жүсіп Мұстапаұлы сайланды.