Озық тәжірибелерді таратуды жандандыру қажет

2022 ж. 6 шілде

Озық тәжірибелерді таратуды жандандыру қажет

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары - білім беру жүйесіндегі маңызды салалардың бірі. Сондықтан жұмыс барысында Келес ауданындағы балабақша тіршілігімен, тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысып, тәрбие жұмысының жүргізілу барысы тұрақты түрде бақыланып отырады. Келес ауданында 84 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Соның бірі “Ынтымақ” жекеменшік бөбекжай-балабақшасында 6 топта 100-ден аса бала тәрбиеленеді.

Мекемеде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыруға арналған залдар мен ойын алаңдары бар. Мұнда мектепалды даярлық тобы да бар.

Айта кету керек, жалпы балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлерінің біліктілігін арттырып отыру өте маңызды. Бұл үшін әдіскерлердің өзара тәжірибе алмасуы, аудандық семинар жұмыстарын, білім берудегі озық тәжірибелерді таратуды жандандыру қажет.