Озаттардан оза шапқан шәкірттер
2022 ж. 29 маусым

Мектепте он бір жыл бойы білім нәрімен сусындаған шәкірттер алған білімдерін дәлелдеп, үлкен өмірге қадам басты. Бастауыш сыныптан бастап, оқу озаты атанып, білімге деген қызығушылығы артқандардың дені мектепті «Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа» бітіріп ұстаздарын қуантты. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мақтаулы білім ордаларының бірі. Жыл сайын озат шәкірттерін ұядан ұшыратын мектеп биыл да үздіктердің көптігімен көзге түсті. Биыл аталмыш мектепті91 шәкірт аяқтады. Оның ішінде 8 оқушы "Алтын белгі", 6 оқушы "Үздік аттестат" иегерлері атанды.Аудандық, облыстық, республикалық сайыстарда айы оңынан туып, озаттардын оза шапқан шәкірттер де осы мектептің түлектері. Шәкірттердің жетістігі әрине ұстаздардың мерейі, еңбегінің жанғаны.