Онлайн анонимді сауалнама жүргізді
2022 ж. 16 шілде

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аграрлық колледжінің әлеуметтік педагогы Ж.Арынова жастар арасында әлімжеттік, зорлық-зомбылық, сексуалдық сипаттағы қылмыстарды анықтау мақсатында «Зорлық - зомбылық туралы мен не ойлаймын?» атты онлайн анонимді сауалнама жүргізді. Оқушылардың берген жауаптары бойынша жастар зорлық-зомбылықты болдырмау жолдарын, тап болған жағдайда кімге жүгінуге болатынын біледі, ата-анасымен сырласады, болашаққа жасаған жоспарлары туралы ұстаздарымен бөліседі.