Оқырмандар белсенділік танытты

2022 ж. 6 шілде

Оқырмандар белсенділік танытты

Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық кітапханасы оқушылар үшін танымдық, қызықты кештер өткізіп тұрады. Мектепте алған білімнен бөлек, кітаппен сусындау екі есе білімді арттырары сөзсіз. Бұл жолғы кітапхана қызметкерлері сәулет өнері таңдалыпты.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанда және әлем елдерінің таңғажайып сәулет кереметтерімен оқырмандарды таныстырып оқу залында қызықты фактілер сағат өткізілді.

«Таңғажайып сәулет кереметтері» атты кітап көрмесі қамтылып, көрмеге тәуелсіздік алған жылдардан бастап, бүгінгі күнге дейін дамып ел игілігіне пайдалануға берілген бірнеше ғимараттар мен тарихтың қойнауынан сыр шертер киелі ескерткіштер төңірегінде мәліметтермен толықтырла келе, сонымен қатар қосымша бейне роликтер арқылы көрсе көз сүріндірер өз өлкемізбен әлем елдерінің ғимараттармен кітапханашылар тереңірек тоқталып, шолу жасап, оқырмандармен пікір алмасып, сұрақтар қойылып, оқырмандар белсенділік танытты. Шараға оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің тұрақты оқырмандары: Жекен Дамира, Мейрамбай Арай, Есенбек Динара, тағыда басқа бірнеше оқырмандар мен кітапханашы мамандар студенттер қамтылды.