Оқушыларға қауіпсіздік ережесі түсіндірілді

2022 ж. 6 шілде

Оқушыларға қауіпсіздік ережесі түсіндірілді

Түркістан облысына қарасты Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жазғы демалыс уақытында ата-аналар мен оқушыларға сынып жетекшілер арқылы, қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігі айтып түсіндірілді.

Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі, оқушылардың демалыс кезіндегі "Жолда жүру", "Суда жүзу," Өрт қауіпсіздігі" ережелерімен таныстыра отырып, қауіпті жағдайлардан сақтана білуге үйрету, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру. Жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу бағытында 4-Б сынып жетекшісі Исаева Ләззаттың ұйымдастыруымен бейне роликтер түсіріп, оқушылар чатына таратылды.