Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізілді
2022 ж. 6 шілде

Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен,мұғалімнің дайындығы,ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы іске асады.Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дегенді ғылыми тұрғыдан түсіндірудің негізгі қабілет ұғымының мәнін ашудан бастау алады.
Осы тарапта Түркістан облысы, Шардара ауданы, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Достық" жалпы орта мектебінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. "Балалар жылын өткізу жөніндегі жоспарды бекіту туралы" қаулысына орай, "Достық" жалпы орта мектебінде «TURAN-BALAFEST» он күндік іс-шарасы бойынша, балалардың жарқын, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізілді. Аталмыш іс шараның мақсаты - оқушылардың ой-өрістерін дамыту,шығармашылық қабілеттерін арттыру. Шараға балар зор ықыласпен қатысты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.