Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды диагностика жасап анықтады
2022 ж. 11 шілде

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде ата-аналардың өтініштеріне сәйкес, мектептегі оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында 1 - 8 - сыныптарда жазғы мектеп ұйымдастырылған болатын. Аталған мектеп осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарып, толымды тірліктерімен көзге түсті. Жазғы мектеп бойынша 13 топ жасақталған, 260 білім алушы қамтылып, оларға 32 мұғалім сабақ берді.
Жазғы мектепте оқытылатын оқушылардың сабаққа қатысуы бекітілген сынып жетекшілері тарапынан күнделікті қадағаланып отырылды.
Жазғы мектепте сабақ беретін пән мұғалімдері оқушылардың біліміндегі олқылықтарды диагностика жасап анықтап, түзету бағытындағы жұмыстарды жүргізді. Ал мектеп психологтары білім алушылар мен олардың ата-аналары, заңды өкілдері үшін консультациялар, тренингтер өткізіп, білім алушыларды психологиялық қолдауды қамтамасыз етті. Жазғы мектеп жұмысына оқушылар да, ата аналар да риза болды.