Оқушылар жазғы демалысты көңілді өткізуде
2022 ж. 12 шілде

Соңғы қоңырау соғылып, оқушылар демалысқа шыққан кездегі ең маңызды мәселенің бірі – балаларды тынықтыру. Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының басшылығымен О.Кошевой атындағы ШЖЖО мектебінің оқушылары "Жазғы сауықтыру балалар лагерьі" атты жоспарға сәйкес жазғы демалыс жоғары деңгейде өткізілді. Осы тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен мектеп директоры Оразалы Османов және мектеп әлеуметтік- педагогы Бердіқұл Дунгбаев болды. Жазғы демалыс - бұл әлеуметтік қорғау және балалардың шығармашылықтарын дамыту үшін мүмкіндік жасау. Ал, бос уақытты тиімді өткізушілер - оқуда үздіктер, қалғаны - аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелері. Оқушыларға жазғы демалыс өте керемет көңіл- күй сыйлаған және келесі жылы болатын демалысты асыға күтетіндерін айтуда.