Оқушылар заман талабына сай жабдықталған мектепте білім алмақ
2022 ж. 30 шілде

Білім саласын қадағалау Департаменті тарапынан Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты «Ж.Нұрлыбаев атындағы №49 жалпы орта мектебі» КММ-сына жаңа 2022-2023 оқу жылының дайындығына мониторинг жүргізілді. Мектеп ғимараты типтік. 2022-2023 оқу жылына 200 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілуі жоспарлануда. Мектеп талапқа сай салынған. Материалдық-техникалық базасы толық жаңартылған. Оқу және көркем әдебиет қоры жинақталған, оқу залымен қамтамасыз етілген. Спорт залы, медициналық қызмет бөлмесі, тамақтандыру объектісі бар және мектеп ішінде, аумағында бейнекамералар орнатылған. Мониторинг қорытындысы бойынша мектеп оқу жылының басталуына 100 пайыз дайын. Күз айында балалар әсем, мұңтаздай таза мектепте білім алатын болады.