Оқушылар өз елінің тарихымен терең танысуда
2022 ж. 26 маусым

«Өз елінің дәстүрін, тарихының өткені мен бүгінгісін білмеген жас ұрпақ болашаққа көз жүгірте алмайды» деген қағида бар. Әрине оқушыларға туған өлке тарихын оқытудан бөлек, оларға экскурсия ұйымдастырып, тарихты «тірідей» көзбен көрудің орны тіптен бөлек. Бұл өз кезегінде өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарихынан сыр шертуге, ізденіс қабілеін дамытуға, қосымша білім нәрімен сусындауына негіз болады. Осы орайда Түркістан облысында «Облыс тарихы» атты тамаша керуен-шеру ұйымдастырылуда. Аталмыш шараның басты мақсаты да сол оқушыларға облыс тарихымен таныстыру үшін экскурсия ұйымдастыру."Облыс тарихы" атты керуен шеруінің екінші күні "Ақмешіт" үңгірі мен Домалақ ана тарихи орындарымен және Түркістанның рухани-мәдени орталығын аралаумен жалғасты. Аталмыш шара "Балалар жылы" аясында Түркістан облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде. «Облыс тарихы» атты керуен-шеруінің екінші күні Түркістан– Бәйдібек бағыты бойынша: Ақмешіт әулие үңгірі, Домалақ ана кесенесін аралаумен басталды. Арғы бергі тарихтан белгілі Домалақ ананы даналығы үшін, көрегендігі үшін бүкіл қазақ халқының анасы деп санаған. Бәйдібек бидің кіші әйелі Нұрила - нағыз тарихи тұлға.
Аңыз бойынша, Ұлы жүз, Албан, Суан және Дулат Домалақ ананың ұрпақтары. Бүгінгі ұрпақ әулие ананың басына жиі барып, құрмет көрсетеді. Біз патриархалдық қоғамда әйелдің кеңесіне құлақ асу деген қалай болды деп таңдануымыз мүмкін. Бірақ Нұрила ақылды, парасатты және ықпалды болғандықтан, оның ақыл-кеңесіне міндетті түрде құлақ асып отырған. Оның үстіне ол өте көреген еді. Күйеуіне айтқан сәуегейлігі туралы да аңыз бар.
Домалақ ана қазақ халқының есінде қарапайым, сүйікті ана ретінде қалды, ол барлық бала атаулыға мейірімін төкті. Даналығының арқасында ол жауласқан тайпаларды татуластырды. Бүгінде оны аналықтың символы ретінде құрметтейді. Тарихта ойып алар орны бар Домалақ ана туралы аңызды оқуышылар ұйып тыңдады.Ақмешіт әулие үңгірі – Әк тасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Оқушылар көріп ерекше әсер алды. Түркістан – Отырар бағыты бойынша: «Гауһар ана» кесенесінде де болды. Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы»
Түркістан қаласы бойынша Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Иассы қорғаны, Рабиға сұлтан бегім кесенесі мен түстен кейін Түркістан қаласындағы рухани – мәдени орталығын тамашалады.
«Керуен Сарай» көп функционалды ойын-сауық орталығы, «Ұлы дала елі орталығы», «Visit Turkistan» болд. Жалпы жаңарған Түркістанның келбетін тамашалап, керемет сезімге бөленіп қайтты оқушылар. Өз елінің географиялық орнын, оның аумағын, әсіресе тарихын білу әрбір оқушы үшін парыз. Өз елінің патриоты болу, тарихын білуден де басталады. Бұл тұрғыда аталмыш шараның берері көп болмақ.