Оқушылар мақтау қағазымен марапатталды

2022 ж. 14 шілде

Оқушылар мақтау қағазымен марапатталды

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында жазғы демалыс уақытында мектеп оқушыларын оқуға тарту жұмысы ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты - жазғы уақытта балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру; Жас оқырманның өзіндік дамуына кітаптың ролін бекіту. Түрлі онлайн әдістерімен балалар бойында кітапқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру; Балалар мен ата-аналарды жүйелі оқуға және кітапханаға келуіне атсалысу. Жазғы уақытта балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында кітапханашы Г. Усеинова онлайн "Жазғы демалыста кітап оқимыз!""Селфи -челлендж " өткізді. Белсенді оқырмандар жазғы уақытта оқып жатқан кітаптарымен суретке түсіп , бір біріне жолдады. Жылдық үздіктер Долтай Алуа суретін Алматы қаласынан жіберді, Бегалы Алидидар нағашыларының үйінде , ол шөп жинасып, өзенге шомылып жүр ,бірақ кітаптарын өзімен бірге алып жүр екен. Рахим Арзу мен Оңалбек Дильназ жазғы демалысын үйде өткізіп, күнделікті уақытын кітап оқуға арнапты. Челленджге қатысқан оқырмандарға алғыс айытылып,сыйлыққа электронды түрде "Марапат қағаздар "жіберілді.