Оқушылар лагерьге аттанды

2022 ж. 16 шілде

Оқушылар лагерьге аттанды

2022 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтандырылуын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының оқушылары қала сыртындағы лагерьге аттанды.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы Машат шатқалында орналасқан Б.Саттарханов атындағы балалар спорттық лагерінде демалатын аудан мектеп оқушыларын шығарып салу рәсіміне аудан әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Айдаров Нұралы Тұрдыұлы және «Компания Шынар жолы» ЖШС-нің президенті Нұрғали Жұмашевтар қатысып, өз лебіздерін білдіріп, ақжол тіледі.