Оқушылар кітаптарды оқып, танымы мен білімін арттыруда

2022 ж. 15 шілде

Оқушылар кітаптарды оқып, танымы мен білімін арттыруда

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, кітапханашылар мен ата - аналарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі және құқығы қалады. Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты Аққала жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4-2 сынып оқушылары демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында "Демалыста оқимыз" челленджіне қатысуда. Оқушылар жаз айында мектеп кітапханасынан алынған және өздерінің жеке кітапханаларындағы кітаптарды оқуда. Оқушылар түрлі жанрдағы кітаптарды оқып, таным мен білімін арттыруда. Мақсаты - Балаларды кітап оқуға баулу.