Оқушылар «Қазақфильм» киностудиясының анимация бөлімінде тәжірибе алмасты
2022 ж. 12 шілде

Түркістан Оқушылар сарайының Мақтааралдағы бөлімшесінде түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Мұнда оқушылар өз қызығушылықтары бойынша сан алуан үйірмелерге қатысады. Аталмыш Оқушылар сарайында «Суретші-аниматор» үйірмесіне қатысушалардың қатары көп. Мұнда оқушылар анимацияның қыр сырын үйренеді. Болашақта қазақ анимациясының дамуына атсалысамыз дейді оқушылар. Жуырда аталмыш үйірменің оқушылары Алматы қаласындағы «Қазақфильм» киностудиясының анимация бөлімінде тәжірибе алмасты.
Үйірме жетекшісі Марат Есенбекұлының айтуынша «балаларды шабыттандыру үшін жаңа дүниені көрсеткен дұрыс» дейді. Оқушылар экскурсия барысында жаңа анимациялық бағдарламалар мен құрылғыларды қолдануды үйренді. Онымен қоса, алдағы уақытта жарыққа шығатын «Алтын адам» толықметражды анимациялық фильмнің жұмыс барысымен танысты. Алдағы уақытта оқушылар тағы да басқа жобаларға қатысып көрмекті құп көріп отыр.