Оқушылар асфальтқа сурет салды

2022 ж. 17 шілде

Оқушылар асфальтқа сурет салды

Болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Осы тұрғыда Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Майбұлақ жалпы білім беретін орта мектебінде "Балалар жылы" аясында мерекелік іс-шара жұмыстары атқарылды. Мектеп жанында балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына өз септігін тигізетін "Жазғы лагердің" ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шараны салтанатты түрде мектеп директоры С. Бахадуров ашып беріп, бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдірді. Мектеп жанында өз жұмысын қарқынды жасап жатқан жазғы лагерде демалатын оқушыларды мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін қызықты ойындар ұйымдастырылып , бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалады. Түрлі-түсті бояулармен салынған тамаша суреттер мен асфальтқа салынған түрлі бейнелер меркененің ажарын аша түскендей болды. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.